Компания туралы

Isover және Styrofoam маркалы жылуоқшаулағыш
материалдарды жеткізуге
Saint Gobain Isover Y.O-мен(Финляндия)
дилерлік келісімшарт жасалады.
ROCWOOL-Denamark (Дания)
тас мақтасын жеткізуге бірегей
дилерлік келісімшарт.
MAARS жүйесінің аралық қалқалары
және офистік интерьерлер үшін
жиынтықталымдарын жеткізуге бірегей келісімшарт
Офистік аралық қалқалар жүйесі
үшін профильдердің жеке өндірісі
басталды.
K-Flex (Италия) эластомерлік каучук
оқшаулағышын жеткізуге бірегей
келісімшат жасалды.
PAROC (Финляндия) минералдық
мақтасын жеткізуге келісімшарт
Қазақстан аумағында «Теплит» маркалы
тас мақтасын сату бойынша «Энергозащита» ААҚ
фирмасымен бірегей шарт
Пенополистирол (пенопласт)өндіру
бойынша жеке желі іске қосылды.
Тас мақта сату бойынша
«Термо-Мастер» (Қостанай қ.)
зауытымен бірегей келісімшарт жасалды.
Экструдирацияланған пенополистерол
шығару бойынша жеке
желі іске қосылды
Сэндвич-панельдер шығару
бойынша жеке желі
өндіріске шықты.
Теміртау қаласында МISOT маркалы
базальт мақта шығару бойынша жеке
зауыт іске қосылды
MISOT-FLEX
маркалы синтетикалық

көбікті кәушік шығару
бойынша Қазақстандағы бірінші
зауыт - «IT&M» компаниясымен
дилерлік келісімшарт

 

 

    «Мамыр» ЖШС Ресей және Еуропа елдерінен  жеткізілетін жоғары сапалы жылу-, дыбыс-, гидрооқшаулау материалдарын өндіру және сату саласында қазақстандық нарықтағы ең табысты компания болып табылады.

    
    «Мамыр» компаниясының тарихы 1996 жылы басталды. Табысқа жету жолындағы алғашқы қадам URSA маркалы жылуоқшаулағыш материалдарды жеткізуге «Флайдерер-Чудово» ААҚ (Ресей- Германия) зауытымен қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімшарт болды. Біртіндеп компания бірыңғай орталықтандырылған басқарумен осы бағыттар бойынша жеке бөлімшелерін құрып, қоймалау, логистика және дистрибуция бойынша жеке қуатын дамыта бастады. M&I Consalting (Голландия) консалтингілік компаниясының зерттеу нәтижелері бойынша 1998 жылы «Мамыр» ЖШС бірегей құқықты иеленеді және Қазақстан аумағына ROCKWOOL-Denmark (Дания) тас мақтасын жеткізуге бірегей дилерлік келісімшарт жасасады.


    Бизнесті жүргізуге стратегиялық тәсіл, өндірісті дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге ірі инвестициялар Компанияға қысқа мерзімде жетекші позицияны иеленіп, биікке қарқынды түрде өрлеуге мүмкіндік жасайтын және серіктестер мен клиенттерге ұсынылатын қызметтер сапасына кепілдік беретін бірегей келісімшарттар жасауға мүмкіндік туғызды.  «Мамыр» компаниясы мынадай әлемдік жылуоқшаулағыштар өндірісінің көшбасшыларымен келісімшарттар жасасты: PAROC, Saint Globain “Isover” Y.O, Styrofoam, ARMAСELL, «Термо-Мастер», «Энергозащита» ААҚ, SBS Trade, Firo, JUTA, MAARS.


    2007 жылы “Мамыр” ЖШС-ға менеджмент және маркетинг бойынша ИСО:9001 сертификаты беріледі бұл жоғарысапалы материал болуының және мінсіз сервистің сөзсіз кепілі болып табылады.


    «Мамыр»компаниясының айрықша қыры Еуропа стандарттары мен технологиялары бойынша материалдардың жеке өндірісі болып табылады. Мысалы, 2007 жылы кәсіпорын экструдияцияланған пенополистирол өндіру бойынша жеке желісін іске қосты. 2008 жылы сэндвич-панельдер шығару бойынша жеке желіні іске қосудан басқа, 2011 жылы «Мамыр» компаниясы Теміртау қаласында «МISOT» маркалы базальт мақтасын шығаратын зауыт және 2012 жылы көбікті кәушіктен эластомерлік техникалық оқшаулағыш шығаратын зауыт ашты.

    
    «Мамыр» ЖШС жеткізілетін және өндірілетін өнімдердің жоғары  сапасына кепілдік береді: барлық жылу-, дыбыс-, гидрооқшаулағыш материалдарға сертификаттаушы мемлекеттік органдардың рұқсаты бар.


    Біздің компаниямыз,  жылуоқшаулау мәселелерін шешумен айналысатын кәсіпорындар арасында көшбасшылық позицияны даусыз иеленеді. «Мамыр» ЖШС өз қызметі кезінде өзін республиканың құрылыс-монтаждау және мұнайгаз салаларында жұмыс істейтін компаниялар үшін сенімді серіктес ретінде көрсетті. Қазақстанның ірі қалаларында 13-тен артық филиалы, өңірлік қоймалары мен жекеменшік жүк автопаркі болуы аса қысқа мерзімде республиканың кез келген нүктесіне біздің өнімдерімізді жеткізуді  жүзеге асыруға ықпал етеді.


    «Мамыр» компаниясының жоғарыбілікті мамандары Сізге әрқашан жылуоқшаулағыш материалдарды қолдану және монтаждау мәселелері бойынша объективті шешім мен консультация беруге дайын. Өндірістік персоналдың, жобалаушылардың, техникалық мамандар мен менеджерлердің жоғары кәсіби деңгейі бізге әрқашан  Сіздің барлық  тілектеріңізді қанағаттандыратын шешім табатынымызға сенімді болуға мүмкіндік береді. Біз алдымызға қойылған міндеттерді шешуде сапалы нәтижені, әрбір жекелеген құрылыс жобасының ерекшелігі мен ресурстық мүмкіншіліктері болатынын түсінуге негізделген жеке мақсатты көзқарасқа негізделген тәсілді көздейміз.


    «Мамыр» компаниясының негізгі басымдығы қазіргі заманғы нарық жағдайында серпінді даму, бизнесте инновациялық шешімдер мен бағыттар арқылы позициямызды үнемі нығайтуға, сондай-ақ серіктестікке мінсіз көзқарас және ынтымақтастыққа жоғарыбілікті, сенімді көзқарас болып табылады.

X
Парольді қалпына келтіру
X Товар добавлен в корзину
X Товар удален из корзины
X
Ваша корзина товаров
Загрузка корзины...
.